Тоқаев Радий Хабировты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық ынтымақтастығы екі ел аймақтарының арасындағы ықпалдастықты кеңінен қамтып отырғанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Башқұртстан Республикасымен жан-жақты байланыстарымыз пандемияға қарамастан жаңа мазмұнмен дамып келе жатқанына тоқталды.
Кездесуде бірлескен кәсіпорындар санының артып, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, металлургия және жеңіл өнеркәсіп және тағы басқа салаларда инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы айтылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев: Ядролық қару саяси таңдау болғандықтан жағдай мен стратегиялық әдістер тез өзгеруі мүмкін
Келесі жаңалық
Әуеден барлау: өрт сөндірушілерге жол беріле ме?
Өзгелердің жаңалығы