Тоқаев Президент болғалы экономикадағы кейбір кедергі жойылды – саясаттанушы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы тарих ғылымдарының докторы, саясаттанушы Әзімбай Ғали пікір білдіру кезінде айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 12 маусымында Президент қызметіне ресми түрде кірісті. Жаңа Президенттің келуімен елімізде қандай өзгерістер болды деген сауалды саясаттанушы Әзімбай Ғалиға қойған едік.
Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке келісімен елдегі экономикалық көрсеткіші өскен.
Оның президенттікке келуімен экономикадағы кейбір кедергі кеткен сияқты. Экономика өте сезімтал, неғұрлым еркіндік көрген сайын оның мүмкіндігі көбейе береді. Оған қоса шенеуніктерге, басшыларға көбірек мүмкіндік беріліп, демократияландыру жүрді. Жаңа кадрлар келіп жатыр. Оның барлығы экономиканың дамуына мүмкіндік ашты, - дейді Ә.Ғали.
Сондай-ақ ол Президент демократиялық үрдістерді дамытуға көңіл бөлгенін айтады.
Тоқаев президенттіке келе салып халықты еститін мемлекет құрамыз деуінің өзі оның демократиялық жолға бет алғанын көрсетеді. Өйткені демократия бар жерде ел экономикасы да жақсы дамиды. Қазақстанның ішкі жиынтық өнімі Өзбекстанмен салыстырғанда 2,5 есеге жоғары екен. Еліміздің позитивті экономикалық дамуы Орталық Азияға да, Ресейге де ықпал етеді, - деді ол.
Саясаттанушының пайымдауынша, Тоқаев халықаралық жиындарда тек ағылшынша сөйлеп, Ресей ықпалынан алшақтағысы келеді.
Сондай-ақ Қазақстан халықаралық қатынаста Батыс елдеріне жақындай түскендей. Өйткені Президент халықаралық жиындарда ағылшынша сөйлеп жүр, өстіп, Ресейдің ықпалынан кішкене болсын алыстаған сияқты, - деді Әзімбай Ғали.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақмола облысында дәрігер тапшылығы қалай шешілуде?
Өзгелердің жаңалығы