Тоқаев парниктік газ шығарындыларына берілетін квота жүйесіне қатысты пікір айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты.

Елдеріміздің экономикаларына теріс әсерді жұмсарту үшін енгізілетін нормалардың халықаралық келісімдерге, ең алдымен, ДСҰ аясында сәйкестігіне қатысты ортақ ұстанымды қалыптастыру пайдалы болар еді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент осы мақсатқа жету жолында жасалған іс-шараларды атап өтті.
Ұлттық деңгейде үлкен технологиялық көшуге дайындық аясында біз алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа Экологиялық кодекс қабылдадық. Кәсіпорындарға экологиялық төлемдерден босату есебінен өндірістерді жаңғыртуға мүмкіндік берілді. Бұл бизнеске ең озық қолжетімді технологияларды енгізу арқылы белсенді технологиялық жаңартуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Біз Ұлттық сауда жүйесін парниктік газдар шығарындыларына квоталармен қайта құрудамыз, оны тиісті халықаралық жүйелермен үйлестірудеміз. Тиісті ведомстволарға тәжірибе алмасып, екі жүйені ұштастыру мүмкіндігі туралы ойлану ұсынылады, - деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы