Тоқаев: Пандемияға қарамастан ел экономикасы жарты жылда 2,2%-ға өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәл қазіргі сәтте өзінің төрағалық етуімен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде хабарлады. Жиын бейнебайланыс режимінде өтіп жатыр.
Оның айтуынша, дәл қазіргі алдымызда тұрған басты мақсат – экономикамызды үдетіп, халықтың әл-ауқатын арттыру көрінеді.
Былтырғы жылы пандемияның салдарынан ішкі жалпы өнім 2,6%-ға төмендеп кеткен болатын. Біз оны тезірек қалпына келтіру үшін жұмыс істеуіміз керек. Алайда бір көңіл қуантарлығы, індет пен шектеу шараларына қарамастан еліміздің экономикасы жарты жылдың ішінде 2,2%-ға өсті, - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Аталған маңызды мемлекеттік іс-шараны бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері «Қазмедиа орталығынан» таратуда. Отырыс барысында елдің әлеуметтік-экономикалық деңгейінің дамуына қорытынды жасалатын болады. Сонымен қатар, биылғы жылға жоспарлар құрылады деп күтілуде.
Отырыста алғашқы болып Премьер-министр Асқар Мамин баяндама жасады. Ол өз баяндамасында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды. Бірінші жартыжылдықтағы атқарылған іс-шараларға талдау жүргізіп, есеп берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодар облысы әкімінің орынбасары өзі шығарған рэпті оқыды
Өзгелердің жаңалығы