Тоқаев: Орталық Азиядағы қауіпсіздікті нығайтудың өзектілігін ерекше атап өттік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен табысты келіссөз жүргізгенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен табысты келіссөз жүргіздім. Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға уағдаластық. Келешектегі саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындадық. Келіссөзде Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтудың, өңірлік диалогты, атап айтқанда, бес мемлекет басшыларының консультативтік кездесуі деңгейінде дамытудың өзектілігін ерекше атап өттік. Сондай-ақ ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨЫСШК аясындағы ықпалдастықты талқыладық, - делінген жазбада.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы