Тоқаев Никол Пашинянға сайлаудағы жеңісіне орай құттықтау жеделхатын жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Никол Пашинянды өзі басқаратын «Гражданский договор» партиясының кезектен тыс өткен Парламент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Дауыс беру қорытындысы мемлекеттілікті, ұлттық бірлікті нығайтуға және елдегі ахуалды тұрақтандыруға бағытталған Сіздің саяси ұстанымыңызды халық қолдайтынын айқын көрсетті, – делінген жеделхатта.
Президент бірлескен белсенді күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Армения арасындағы қарым-қатынастар екіжақты форматта да, Еуразиялық кеңістіктегі экономикалық интеграция аясында да нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның достас Арменияны өркендету жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметіне мол табыс тіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде мәслихаттың жұмысына өзгерістер енгізілді
Келесі жаңалық
Алматыда жыл соңына дейін 16 жатақхана пайдалануға беріледі
Өзгелердің жаңалығы