Тоқаев Назарбаевқа жаңа қызмет ұсынды
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚХА-ның XXIX онлайн-сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ҚХА-ның құрметті төрағасы болуды ұсынды.
Аса құрметті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы, біздің ұсынымызды қабыл алыңыз. Қазақстан халқы ассамблеясының құрметті төрағасы болуыңызды қалаймыз. Мұндай статус сіздің мемлекет пен халық алдындағы тарихи еңбегіңіздің өтеуі деп білемін. ҚХА-ның барлық мүшесі мұндай ұсынысты қолдайтына сенімдімін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл ұсынысты қабыл алды.
Өзіме жүктелген жаңа міндетті қабыл аламын. Бұдан кейін ассамблеямен бірге жұмыс істеймін. ҚХА мемлекет басшысының барлық бастамасын қолдауға дайын. Біз бірге еңбек етіп, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосатын боламыз, - деді Назарбаев.
Айта кетейік, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-ның төрағалығын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыстайтынын мәлімдеген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы