Тоқаев наурыз айында қайда баратынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айында Алматыға барады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.
Алматыда бірқатар өзекті мәселе бар. Біз қаланың дамуына ерекше назар аударамыз. Наурызда Алматыға барып, арнайы кездесу өткіземіз, - деді Тоқаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа қарата.
Ал әкім өзінің баяндамасында биылғы бюджеттің жартысына жуығы әлеуметтік мақсаттарға жұмсалатынын айтты.
200 млрд теңгеге 504 жобаны жүзеге асыру басталды. Алматы 2020 жылдың қорытындысы бойынша «ақылды қалалардың» көшін бастады. Биыл цифрландыру бойынша қала тіршілігінің 11 саласын қамтитын 49 жобадан тұратын пул қалыптастырылды, - деді Бақытжан Сағынтаев.
Коронавирус індетімен күрес бойынша да біраз жұмыс жүргізіліп жатыр екен.
1 ақпандағы вакцинацияны бастау бойынша барлық тапсырма орындалып, шаралар жүзеге асырылды. 15 қаңтардан бастап 879 адам қайта вакцинадан өтті. Вакцинадан ауыр, жанама белгілер тіркелген жоқ, - деді әкім.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда автобус қағып кеткен әйел қайтыс болды
Өзгелердің жаңалығы