Тоқаев: Мемлекеттік туды кеңінен қолдану туралы ұсынысты қолдаймын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Президенті Twitter-дегі парақшасында жазды.
Парламенттің бірқатар депутаты мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР Мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын. Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тыйым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет, - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы