Тоқаев коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парашасында жазды.
Бүгін түстен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөнінде жиын өткізеді. Іс-шара барысында COVID-19 індетіне шалдыққан азаматтардың көбеюіне байланысты еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған кешенді шаралар, сондай-ақ, халыққа вакцина салу мәселесі қарастырылады. Жиынға орталық мемлекеттік органдардың басшылары, аймақ әкімдері қатысады, - деп жазды Берік Уәли.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы