Тоқаев Қазақстан мен Македонияда сотталғандарға қатысты заң қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы үш бірдей заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды, - делінген хабарламада.
Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда онлайн-несие құрбандары көбейді – полиция
Өзгелердің жаңалығы