Тоқаев инклюзивті білім беру мәселесін көтерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында айтты.
Тоқаев отырыста инклюзивті білім беру мәселесін көтерді.
Осы бағыттағы жұмысты күшейту керек. Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін балалар көбейіп барады. Балалар тиісті реабилитация қабылдау үшін жарты жыл уақыт күтеді. Сөйтіп, уақыт жоғалтады. Кезегі келген кезде толық оңалтудан өтуге мәжбүр. Балалар сапалы қызмет алу керек. Мемлекет тарапынан арнайы психолог мамандарының даярлануына назар аударылуы керек, - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Президент үш министрліктің осы жұмысты қолға алуы керектігін ескертті.
Білім және ғылм минитрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы жұмысты қолға алуы керек, - деді ол.Президент ерекше қажеттілігі бар балалардың денсаулығын туғаннан бастап оңалтуға ерекше назар аудару қажет екенін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев 2024 жылы аудан әкімдерінің сайлауы өтетінін айтты
Өзгелердің жаңалығы