Тоқаев энергетика, көлік және мемлекеттік наградаларға қатысты заңға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика, көлік, және мемлекеттік наградаларға қатысты заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергетика, көлік, және мемлекеттік наградалар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, - делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы