Тоқаев елордалық газеттерді 30 жылдығымен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана ақшамы» және «Вечерняя астана» газеттерінің ұжымын басылымның 30 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы "Астана ақшамы" газеті хабарлады.
Баршаңызды «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінің 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Басылымдар осы жылдар ішінде өсу-өркендеу кезеңдерінен өтті. Елордалық газеттер қаланың тыныс-тіршілігін ғана емес, жалпы халықтың жағдайын, елдің саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуын, мәдениет пен руханиятты өндіртіп жазып, қалың оқырманның ықыласына бөленіп жүр - делінген Президент кқұттықтауында.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өз құттықтауында журналистердің кәсібилігіне жоғары баға берген.
Сіздерді ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген ұлағатты сөзін берік ұстанып келе жатқан қарымды қаламгерлер, кәсіби журналистер деп білеміз. Сіздердің жазған әрбір мақалаларыңыз, көтерген мәселелеріңіз халықтың мұң мен мұқтажын, ойы мен пікірін, талабы мен тілегін қаузап, қоғам дамуына елеулі үлес қосып келеді. Мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпірдей сіздердің еңбектеріңізді жақсы білемін және жоғары бағалаймын. Ұжымдарыңызға шығармашылық табыс, әр қызметкердің отбасына бақ-береке тілеймін! - делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы