Тоқаев Атырау облысының даму қарқынын арттыруды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы және өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ, Президентке тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды.
Мемлекет басшысы алдағы уақытта да Атырау облысының даму қарқынын сақтап, одан әрі арттыру, өңір инфрақұрылымын жаңғырту қажет екенін атап өтті.
Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне әлеуметтік тұрмысы төмен тұрғындар тобына жан-жақты қолдау көрсетуді, сондай-ақ барлық салалық бағдарламалардың уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елорда әкімдігі тұрғындарды көмірді ерте сатып алуға шақырады
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы