Тоқаев астық жинау науқанын уақтылы жүргізуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Президентке өңірдегі астық жинау жұмыстарына дайындық барысы, агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, сондай-ақ машина жасау саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев астық жинау науқанын уақтылы жүргізудің және тұқым қорын дайындаудың маңыздылығын, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру және Қостанайдағы аэропортты қайта жөндеу қажеттігін айтты.
Мемлекет басшысы А.Мұхамбетовке Арқалық қаласының жылумен қамту жүйесін қайта жөндеу жөнінде ұсыныс беруді тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Берекелі баспана» бағдарламасы аясында 298 елордалық үйлі болды
Өзгелердің жаңалығы