Тоқаев Алматыға барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы резиденциясында еліміздің қаржы секторының өкілдерімен кездесу өткізеді. Бұдан кейін Президент бірқатар әлеуметтік, білім беру мекемелерін және басқа да нысандарды аралап көреді, сондай-ақ қаладағы жылу электр орталықтарының біріне жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысады деп жоспарланып отыр - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дәрі-дәрмек құжаттарын қазақ тіліне аудару қалай жүзеге асырылады? Маман айтып берді
Келесі жаңалық
Путин Тоқаевқа алғыс білдірді
Өзгелердің жаңалығы