24 Қазан 2021 2021, 19:55
Тоқаев Ахалтеке жылқысына арналған кешенге барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түрікменстанға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге Ахалтеке жылқысына арналған кешеннің ипподромын аралап көрді.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түрікменстанға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге Ахалтеке жылқысына арналған кешеннің ипподромын аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысына Түрікменстан Президентінің арғымақ аттары көрсетілді.
Іс-шара барысында құрметті қонақтар шабандоздардың өнерін тамашалады.