Тоғжановтың төрағалығымен ВАК-тың отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті.  

Денсаулық сақтау министрі А.Цой коронавирус инфекциясы бойынша аурушаңдық көрсеткішінің өсуіне байланысты барлық өңірлер күшейтілген шектеу шараларын қабылдағанын атап өтті.

Бұл ретте соңғы 2 аптада Маңғыстау облысында COVID-19 инфекциясын жұқтыру жағдайларының 2,7 есеге, Ақтөбе облысында 2,1 есеге жоғарылағандығы байқалады.

Вице-Премьер аталған өңірлерде КВИ аурушаңдығының артуы халықты иммундаудың төмен қарқынына тікелей байланысты екенін атап өтті. Мәселен, Маңғыстау облысында тиісті контингенттен халықтың небәрі 19,7% - і, Ақтөбе облысында-31,4% - і, Батыс Қазақстан облысында-31,6% - і екпе салдырған.

ВАК Төрағасы халықты вакциналаудың пайдасы мен тиімділігі туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ, әсіресе Алматы, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында карантиндік режимді сақтауды бақылау жөніндегі мониторингтік топтардың белсенді жұмысы жеткіліксіз екені айтылды.

Отырыс соңында Премьер-Министрдің орынбасары халықты коронавирус инфекциясына қарсы иммундаумен қамтуды ұлғайту қажеттігін тапсырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы