Тоғжанов Ораза айт мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Ораза айт мерекесімен құттықтады.
Құрметті мұсылман қауымы!
Ораза айты құтты болсын!
Ораза әр адамды сабырлыққа, ұстамдылыққа, мейірім мен қайырымдылыққа тәрбиелейтін кезең.
Адамдар жаман ойдан арылып, жақсылыққа бет бұрып, өз пейілін тұсаулап, мейілінше қанағатқа мойын ұсынатын кезең. Осының бәрі – адамның өзін жеңуі, өзін-өзі тәрбиелеуі деген сөз. Себебі Ислам діні – жоғары мәдениетті, ізгілікті, тәрбиені, ауызбіршілікті уағыздайтын асыл дін.
Олай болса, Ораза – әр адамның Аллаға бас иіп, құлшылық арқылы өзін дамытуы, өсуі, жетілуі.
Құрметті қауым ниеттеріңіз қабыл болсын. Асқақ армандарыңыз орындалсын. Алланың назарында болыңыздар! – деді Тоғжанов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да орман алқабы өртке оранды
Өзгелердің жаңалығы