Тоғжанов көгалдандыру жұмыстарымен танысты
Сәуір айынан бері еріктілер командасы Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығымен бірге Сейітов көшесі бойындағы көпірдің аумағында қарағай отырғызып келеді, деп хабарлады BAQ.KZ.
«Актобе, Дыши!» еріктілер қозғалысының еріктісі Евгений Лазарчук өңір басшысына орман шаруашылығы аумағында 20 жылдық талдар тұрғанын баяндады. Ересек ағаштарды қалалық орман шаруашылығы аумағынан арнайы көлікпен көшірген.
Орман тәлімбағын ересек ағаштардан босату керек болған соң қарағайларды басқа жерге көшіріп жатырмыз. 5-шағын аудандағы көпірдің астына отырғызуды ұйғарған себебіміз - көліктің көптігіне байланысты пайдаланылған газдардың концентрациясы жоғары, - деді ерікті.
Облыс әкімі аумақты абаттандыруды, көпжылғы гүлдерді отырғызып, оларды уақытылы күтіп, суарып отыруды тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан мен БАӘ арасында бірқатар келісімге қол қойылды
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы