Тоғжанов «Бақытты отбасы» білім беру ақпараттық-консультативтік орталығында болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ мен Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының ынтымақтастығы аясында құрылған «Бақытты отбасы» білім беру ақпараттық-консультативтік орталығында жұмыс сапарымен болды. 

 Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Орталықта 10 мамандық оқытылады, сондай-ақ психолог, заңгер, дәрігер-терапевт және педиатрдың консультациялық қызметтері, арнайы дағдыларды үйрету бойынша түрлі курстар, жеке өсу мен ынталандыру тренингтері, тайм менеджмент көрсетіледі.

Оқытудың негізгі мақсаты-тұлғаның адамгершілік-рухани дамуы, конструктивті қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, отбасылық қарым-қатынастарды құру, кәсіби дағдыларды дамыту. 

Кездесу барысында орталықтың қызметімен танысып, көп балалы аналарды, жалғыз басты, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарды қолдау және оларды белгілі бір мамандықтарға оқыту, олардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстың негізгі әдістері талқыланды. 

Бүгінгі таңда орталықта 1400-ден астам әйел тіркелген. Премьер-министрдің орынбасары орталық тыңдаушыларымен кездесулер өткізді, олардың осы бағыттың қызметін дамыту жөніндегі ұсыныс-тілектерін тыңдады. 

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша осы бағытқа жауапты мемлекеттік органдарға Нұр-Сұлтан қаласындағы «Бақытты отбасы» білім беру ақпараттық-консультативтік орталығын одан әрі дамыту жөнінде тапсырмалар берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы