Тоғжанов ақын Төлеген Айбергеновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Ералы Тоғжанов ақын Төлеген Айбергеновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтөбе облысында Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күндері қарсаңында қазақ халқының көрнекті қайраткерлерінің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою бойынша іс-шаралар өтуде.
Бүгін облыс әкімі Ералы Тоғжанов, ақындар, жазушылар және зиялы қауым өкілдері көрнекті ақын Төлеген Айбергеновтің рухына тағзым етіп, құрмет көрсетті. Гүл шоқтарын қою рәсімі барысында өңір басшысы қазақ даласының қасиетті топырағында қаншама таланттар туған болса, Төлеген Айбергенов сол таланттардың бірегейі деп атап өтті.
Шын талант қартаймақ емес. Сондықтан ұлы шығармашыл қайраткерлердің есімдері ғасырлар бойы өмір сүріп, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. Төлеген Айбергенов - ешкімге ұқсамайтын ерекше ақын, оның шығармашылығында адам рухының күші айқын көрінеді. Оның өлмес туындылары жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға оқырмандар мен тыңдаушыларды өзіне баурауда. Оның есімі ұмытылмайды, - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Жазушы Мейірхан Ақдәулетұлы тарихи жадты сақтау ең алдымен өскелең ұрпақ үшін маңызды екенін алға тартты.
Ертеңіміз бүгіннен басталады. Ал біздің «бүгін» ұлы, күшті тұлғаларымызбен «кеше» қалыптасқан. Олар туралы естелік, ең алдымен, болашақ ұрпақтың игілігі үшін, жас қазақстандықтардың рухы мықты болуы үшін, ар-ождан, ар-намыс бар екенін түсініп, олардан асып кетпеуі үшін, мәңгілік құндылықтарды өткінші құндылықтардан ажырата білуі үшін сақталуы керек, - дейді қоғам қайраткері.
Шара барысында № 21 мектеп-гимназиясының оқушылары ақынның өлеңдерін оқыды. Төлеген Айбергенов 1937 жылы туған. Ақын көзі тірісінде тек екі өлеңдер жинағын шығара алды, үшінші кітап қайтыс болғаннан кейін бір жыл өткен соң — 1968 жылы жарық көрді.
Төлеген Айбергеновтің жарқын, ерекше шығармашылығы Қазақстанның қазіргі поэзиясында берік орын алды. Ақтөбедегі ақынның ескерткіші 2021 жылы орнатылды.