Тоғызқұмалақ пен садақ ату ваучер жүйесіне енгізілді
Елде спорт, өнер және қосымша білім беру бағыттары бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске асырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елде спорт, өнер және қосымша білім беру бағыттары бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске асырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Байкен Есет Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Айтуынша, жобаны іске асыру барысында бекітілген біріккен бұйрық өзінің икемділігімен және қоғам пікіріне ашықтығымен ерекшеленеді. Сондай-ақ дайындық жұмыстары аясында мердігерлермен және қызмет көрсетуші ұйымдардың өкілдерімен 10-нан астам кездесу өткізіліп, арнайы жұмыс тобы құрылды.
Білім басқармасының, Мәдениет және спорт басқамаларымен бірлесіп, тапсырыс берушілер мен қызмет көрсетушілерден келіп түскен пікірлер жинақталды. Орталық органдармен бірге осы сұрақтарға жауап берілді. Нәтижесінде өңірлік бұйрықтарға тиісті өзгерістер енгізіліп, оңтайлы шешімдер қабылданып жатыр, - деді қала басшысының орынбасары.
Тағы бір ескеретін жайт, бұйрықта бастапқыда бір ұлттық ойын түрі қарастырылса, енді олардың қатары үшеуге дейін кеңейтілді. Яғни тоғызқұмалақ, асық ату, дәстүрлі садақ ату қосылған.
Жалпы жүзден астам сұрақ келіп түскен, оның басым бөлігі шешім тапқаны белгілі болды.
Еске салайық, бұған дейін ваучерлік жүйе пилоттық режимде іске қосылғанын жазған болатынбыз.
- Дауыс беруге екі апта қалды: Қазақстандағы сайлауалды науқан қалай өтіп жатыр 17:40
- Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа бағыты 17:39
- Нұрай Серікбай ісі бойынша сот үкімі шықты 17:30
- Алматының шарықтау дәуірі: 2026 жылы қала қалай әлем назарын аударды 17:28
- +44°С ыстық: Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады 17:21
- Ақтөбелік әйел TikTok-тағы әрекеті үшін қамалды 17:03
- Қазақстанда жастар мен отбасының демографиялық болашағы туралы жаһандық зерттеу таныстырылды 16:45