Тобыл қаласының тұрғындарына шұғыл эвакуация туралы ескертілді

Қостанай облысындағы Қаратомар су қоймасындағы су деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты су тасқынына қарсы жағдай күрделенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанай ауданының әкімдігі су басу қаупіне байланысты мәлімдеме жасады.

Әлжан ауылының шеткі көшелері, Тобыл қаласының төменгі көшелерінен Ленин көшесіне дейін тұрғындарды шұғыл эвакуациялануға шақырамыз, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қостанай облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы