Тобыл маңындағы елдімекендерді су басу қаупі әлі де сақталуда

Тобыл өзені маңында орналасқан елді мекендерді су басу қаупі әлі де сақталып отыр. Бұл туралы ТЖМ мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Тобыл және Қостанай қалалары арасындағы орталық көпірде ҚР ТЖМ күштері еріктілермен, жергілікті атқарушы органдармен және Ұлттық ұлан қызметкерлерімен бірлесіп қапшықтар мен инертті материалдарды төсеу бойынша жұмыстар жүргізді.

Елді мекендерде Тобыл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты су басу қаупі әлі де сақталуда, - деп жазылған ТЖМ мәліметінде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы