"Тобылға" жалғыз алтын әкелген футбол маманы қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елу жеті жасына қараған шағында белгілі қостанайлық футбол маманы Халимжан Ержанов өмірден өтті.
Бұл туралы Тобыл ФК ресми сайтында хабарланды.
Тоқсаныншы жылдардың соңында Халимжан Сағидоллаұлы "Тобылдың" ел чемпионатына қайта оралуы үшін үлкен жұмыс атқарды. Рас, біздің команданың көптеген табысы осы кісінің есімімен тығыз байланысты, оның ішінде біріншіліктің жалғыз алтыны бар. Соңғы жылдары Халимжан Ержанов "Орталық" стадионында лауазымды қызметтер атқарды. "Тобыл" футбол клубы Халимжан Сағидоллаұлының туған-туыстарына, жақындарына және достарына қайғырып көңіл айтады, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Ханна" дауылы салдарынан Техаста төтенше жағдай енгізілді
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы