Тобыл қаласының полицейлері жоғалған адамды тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тобыл қаласының полицейлері есінен айырылған ер адамды тапты деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Осинов ауылына жақын жерде Қостанай ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері 28 тамызда сағат 03-00 шамасында белгісіз бағытқа кетіп, жоғалып кеткен Епихин Анатолий Васильевичті тапты.
Екі күн бұрын ер адам басынан инсульт алып, соның салдарынан жадынан жиі айырылатын болған. Әйелі полиция қызметкерлеріне күйеуін уақытында тауып, қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берген кәсіби әрекеттері үшін алғыс білдірді.
Полиция қызметкерлерінің жедел және сауатты әрекеттерінің арқасында ер адам бір тәуліктен кейін табылды. Полиция қызметкерлері азаматтарды жақындарына мұқият болуға және тұрақты бақылауға мұқтаж адамдарды қараусыз қалдырмауға шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық боксшы АҚШ-та қарсыласын нокаутқа түсірді
Өзгелердің жаңалығы