Төбелескен: БҚО-да ер адамның денесі табылды
Батыс Қазақстан облысында өз үйінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 3 ақпан күні Бәйтерек ауданы Достық ауылында болды.
Шамамен сағат 09.00-де өз үйінен көптеген жарақатпен ер адамның мүрдесі табылды. Алынған іс-шаралардың нәтижесінде осы қылмысқа күдікті ретінде 1990 жылғы тұрғын анықталып, ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша арақ ішу барысында ер адамдар арасында жанжал шыққан, - делінген ақпаратта.
Күдікті кінәсін мойындап, жауап берді.
Ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 128-бабының тәртібімен Приурал полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдарын Приурал полиция бөлімі жүргізіп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды, - деп хабарлады ведомстводан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте газ құбырындағы ақау жөнделді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы