Жігіттердің жаппай төбелесі видеоға түсіп қалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде Алматыда болған төбелестің видеосы пайда болды.

Жігіттер арасындағы жанжал 4-інен 5-іне қараған түні болған көрінеді.


Кадрларда бірнеше ер адамның жол бойында сөйлесіп тұрғаны байқалады. Кейіннен ер адамдардың бірі екіншісін ұрып жіберіп, ол жерге құлайды. Жігіттер оны аясыз соққыға жығады. Алайда, қасында тұрғандардың бірі оған араша түспек болғанда, жанжал жаппай төбелеске ұласады, - делінген хабарламада.

Алматы ПД баспасөз қызметі бұзақылық жасағандардың ұсталғанын, тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады. 

Оқыс оқиға Шагабутдинов көшесінде болды.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы