Тоғжанов уақытша жұмыссыз қалғандар не істеу керектігін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Уақытша жұмыссыз қалғандар жұмыспен қамту орталығына бара алады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.
Міндетті түрде бәрі жабылу керек деген сөз емес. Біріншіден, қашықтан жұмыс істеу деген түсінік бар. Оған ешкім тыйым салып отырған жоқ. Екіншіден, заң бойынша жұмыс берушілер қызметкерлерін өздері қолдай алады. Үшіншіден, бізде жұмыспен қамту орталықтары бар. Уақытша жұмыссыз қалғандар бос орындары бар орталыққа жүгінуге болады. Осы бағытта бірге жұмыс істеу керек. Жалпы жағдайды барлығымыз түсінуіміз керек. Мерзім аса ұзақ емес. Шыдамдылық танытуға шақырамын, - деді ол.Тоғжанов жұмыс берушілердің заң бойынша барлық шараны жүзеге асыруларын сұрады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы