Тоғыз өңірде дала өртінің тұтану қаупі бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің 9 өңірінде дала өртінің тұтану қаупі бар. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитң баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Тоғыз өңірде өрт қауіпі жағдайы байқалып тұр. Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары осы тізімге енді. Өрт қауіпті кезең (сәуір айынан) басталғалы орман қоры аумағында 419 өрт тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мұндай фактілердің саны 73% көбейді», - делінген комитет мәліметінде.

Белгілі болғандай, 2019 жылдың сәуірінен елімізде 26 дала өрті тіркелді. Бұл тұрғыда 2018 жылға қарағанда 13% төмендеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы