Тоқаевтың атынан жалған аккаунт ашылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук әлеуметтік желісінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жалған аккаунт ашылғандығы туралы хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ашылған жалған аккаунттар мен парақшалар бұған дейін де көп болған. Бола беретін де шығар. Әлеуметтік желілерде ашылып жатқан мұндай фейктерге сенудің қажеті жоқ. Өзіңіз айтып отырғандай, Қасым-Жомарт Кемелұлы Твиттерде және Инстаграмда тіркелген. Ал Фейсбукта Мемлекет басшысының атынан тіркелген барлық аккаунттар мен парақшаларға сенбеуге шақырамын - делінген Берік Уәлидің жазбасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
55 адам жазылды. Елімізде сауыққандар саны 2500-ден асты
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы