Тоқаев: Жаңа Әлеуметтік доктрина заң жүзінде қамтамасыз етілетін болады

Астана, BAQ.KZ. ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттер әлеуметтік желісінде «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының XVIII съезінің тарихи шешімдерінен туындаған міндеттер туралы пікірін білдірді.

«Нұр Отан» партиясының съезінде Президент Н. Назарбаев азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейіне қол жеткізуді негізгі басымдық ретінде атады. Парламент Сенаты Елбасының жаңа Әлеуметтік доктринасын заң жүзінде қолдауды қамтамасыз ететін болады», - деп жазды ол.

Сондай-ақ Қ.Тоқаев мемлекет 2019-2021 жылдары негізгі әлеуметтік міндеттерді шешу үшін бюджеттен 2,3 триллион теңгеден астам қаржыны қосымша бөлетінін атап өтті. «Қазіргі дүниедегі мемлекеттердің ішінде халқының санына қарай табысы аз азаматтарға осындай ауқымды әлеуметтік көмек көрсететін елдер аз», - деді Сенат төрағасы.

Жоғарғы палата басшысы: «Н.Назарбаевтың Әлеуметтік доктринасы қазақ мемлекеттілігінің жаңа бетін ашады, елдің дамуына қуатты импульс береді, БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде ауқымды үлес қосады, ұлттың бірлігін нығайтып, оның алдағы күнге сенімін арттырады! Алға, КЗ!», - деп жазды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы