Тоқаев "жала жабуды" Әкімшілік кодекске ауыстыруды жүктеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында Қылмыстық кодекстің 130-бабын Әкімшілік кодекске ауыстыруды тапсырды.  

Ұлттық кеңестің І отырысында бұл мәселе көтерілді. Қылмыстық кодекстің 130-бабын ("Жала жабу") әрі қарай жетілдіру мәселесін қарастыру қойылған болатын. "Жала жабу" 130-бабы бойынша бірнеше жұмыс топтары өткізілді. Пікірталас кезінде бір шешімге келу қиын екенін көрсетті. Барлық мәселені қарай отырып шешім қабылдадым. 130-бапты қылмыс деп танымай Әкімшілік кодексе ауыстырдым, - деді мемлекет басшысы.  

Президент сондай-ақ, әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни алауыздықты қоздыратын бапқа да тоқталып өтты. 

Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойыншада бір шешімге келе алдық. Осы бапқа түзетулер енгізіледі. "Қоздыру" сөзінің орнына заң жүзіндегі түсінікті қолдану керек, - деді Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Сонымен қатар, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында ең алдымен халықтың мұң-мұқтажына құлақ түру керек екенін айтты. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығына қажетті жерді игермей жатқан азаматтардың жерін қайтарып алу үшін тиісті сот процесін әзірлеуді тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы