Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары коронавирустың таралуына қарсы күресте өзара іс-қимыл мәселесін талқылады.
Президенттердің пікірінше, эпидемиямен күрес кезінде екі елдің атқарушы органдарының келісе отырып әрекет етуі маңызды.
Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың даму перспективасы жайында пікір алмасты.
Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты президент қызметіне кіріскеніне бір жыл толуымен құттықтап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа игі тілегін жолдады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тиісті бұйрыққа қол қойдым – Дариға Назарбаева
Өзгелердің жаңалығы