Тоқаев соңғы 15 жылда Қазақстанда тұрған – ОСК

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық Сайлау комиссиясы соңғы 15 жыл ішінде екі жыл шетелде тұрған Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың заңнамада қойылған барлық талаптарға қалай сай келетінін түсіндіріп берді. 

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтері негізінде кандидаттың сот заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немее алып тасталынған сотталғандығы жоқтығы,  сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін жауапқа тартпағаны,  белсенді сайлау құқығына ие екені, жоғары білімі бар екені расталды.  Сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің мәліметтері негізінде тумысынан Қазақстан азаматы екені, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулысының негізінде соңғы он бес жыл ішінде Қазақстанда тұратыны анықталды. 

"ҚР Конституциялық Кеңесінің "ҚР Конституциясыны 41-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы" 2019 жылғы 25 сәуірдегі 4-нормативтік қаулысына сай ІІМ Тоқаевтың тұрғылықты жері туралы мәліметті ұсынды. Ол 1997 жылдың маусымынан бері үзіліссіз Алматы, Астана, Нұрсұлтан қалаларында тұрғаны,  биографиялық мәліметтеріне сай, 2011 жылдың 11 наурызынан бастап 2013 жылдың қазаны аралығында БҰҰ бас хатшысының орынбасары қызметі мен Женевадағы БҰҰ бас хатшысы қызметін атқару мақсатында  Швейцарияда болғаныны анықталды", - деп айтты ОСК хатшысы Сабила Мұстафина.

Конституциялық Кеңес он бес жылдық тұру мерзіміне бірінші кезекте азаматтың ел аумағында тұрақты тұру уақыты кіретінін, ол әдетте азаматтың тұрғылықты жері бойынша тіркелумен расталады деп шешті. 

Бұл мерзімге ҚР дипломатиялық қызметі персоналына жататын және оларға теңестірілген Қазақстан мүшелік ететін халықаралық ұйымдар жанындағы лаупзымдарға тағайындалған азаматтардвң ҚР аумағынан тыс жерлерде тұру кезеңдері есептеледі. Осы негіздер бойынша елден шығу қазақстандықтың азаматтығын тоқтатуға және тұрақты жерін өзгертуге әкелмейді. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасынан тыс болған азамат тиісті мемлекетте уақытша тұратын болып саналады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы