Тоқаев президенттің кадрлық резервін онлайн-платформада жасақтауды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. 

Кездесу барысында Анар Жайылғанова Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Президенттің кадрлық резервін» жасақтаудың негізгі аспектілері жөнінде егжей-тегжейлі баяндады.

Мемлекет басшысы аталған бастаманы жүзеге асырудың ерекше маңыздылығын атап өтіп, жалпы іріктеу үдерісінің барынша ашық болуын қамтамасыз етуді және барлық мүдделі тұлғалардың онлайн-платформа арқылы қатысуына жағдай жасауды тапсырды. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы