Тоқаев Омбы қаласына ұшып барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы қаласына ұшып келді, деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге әлеуметтік желідегі парақшасында.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы қаласына ұшып келді. Президент "Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері" атты Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады, - деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездеседі және бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы