Тоқаев митинг туралы: Азаматтардың ұстанымын білдіруге адекватты қарайтын кез келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында митинг ұйымдастыру кезінде хабардар ету қағидасын енгізуді қолдайтынын айтты.
Саяси бастамалардың топтамасы әзірленді. Мысалы митинг өткізуді хабардар ету қағидасын енгізу керек. Қоғам санасына митинг мәдениетін сіңіретін уақыт келді. Қоғам да, мемлекет те бұқараның өз ұстанымын білдіруіне адекватты қарайтын кезге жетті. Бұған мәжбүрлі түрде емес, саналы түрде келу қажет. Митинг адамдардың құқығы ғана емес, жауапкершілігі екенін түсінуіміз керек, - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы президент Жолдауын іске асыру аясында "Бейбіт жиындар туралы" заң жобасы әзірленгенін айта кетті.
Заң жобасында бейбіт жиындардың барлық формалары нақты белгіленіп, маслихаттарға арнайы орынды белгілеу құзыреттігін беру, "ұйымдастырушы мәртебесі", "қатысушы", "бақылаушы" түсініктері мен олардың құқықтары мен міндеттері белгіленді. Бұл жерде сөз қолданыстағы заңға өзгерістер енгізу ғана емес, бейбіт жиындардың барлық формасын ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін реттейтін концептуалды жаңа заңды әзірлеу туралы болып отыр. Үкімет заң жобасын Парламент қарауына енгізуі керек, - деді Тоқаев Ұлттық кеңестің ІІ отырысында.Естеріңізге сала кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Сонымен қатар, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында ең алдымен халықтың мұң-мұқтажына құлақ түру керек екенін айтты. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевауыл шаруашылығына қажетті жерді игермей жатқан азаматтардың жерін қайтарып алу үшін тиісті сот процесін әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында Қылмыстық кодекстің 130-бабын Әкімшілік кодекске ауыстыруды тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Шетелдік банктер келіп, отандық банктерді басып алады": Назарбаева қорқынышы туралы айтты
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы