Тоқаев Ұлттық кеңестің үшінші отырысына қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматта өтетін 3 отырысына қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Ертең, яғни, 27 мамыр күні сағат 11:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматта өтетін 3 отырысына қатысады. Ұлттық кеңестің отырысы адами капиталды дамытуға, атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне арналады. Жиын Президент баспасөз қызметінің Фейсбуктегі AkordaPress парақшасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі - деді Берік Уәли.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық кеңестің кезекті отырыс өтетіні жайлы бұған дейін де хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2 мыңнан астам елордалық жұмыспен қамтылды
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы