Тоқаев үкіметке екі апта берді, болмаса отставкаға кету мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Асқар Мамин басқаратын министрлерге екі апта уақыт берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі twitter-дегі парақшасында хабарлады.
Қалыптасқан ахуал екі аптадан кейін жақсарады деп үміттенемін. Олай болмаған жағдайда, жалпы Үкіметтің осы құрамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселе туындайды, - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.Ол, сонымен қатар, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты сынға алған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы