Тоқаев "Eurasia Group" президентімен технологиялық заманауи трендтерді талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нью-Йоркке сапары аясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі америкалық саясаткер, "Eurasia Group" зерттеу және консалтингтік компаниясының негізін қалаушы және президенті Ян Бреммермен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар кездесу барысында  өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, технологиялық дамудағы заманауи трендтерді талқылады.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті Ян Бреммерді "Astana Club" халықаралық пікірталас алаңының жұмысына қатысуға шақырды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы