Тоқаев Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың есебін тыңдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Төтенше жағдай режимін қолдауға бағытталған шаралар жайында баяндалды.
Ішкі істер органдарының жеке құрамы ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін жұмылдырылған.
Президент азаматтарымыздың құқығына құрметпен қарай отырып, қоғамдық орындарда тәртіптің сақталуы маңызды екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы министрге ішкі істер органдарындағы ақпараттық жүйені цифрландыру және жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы