Тоқаев елордадағы инновациялық экожүйе нысандарымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Alem" бағдарламалау мектебіне, халықаралық "Astana hub" IT-стартаптар технопаркіне және "Astana IT University" ақпараттық технологиялар университетіне барды. Бұл нысандардың бәрі "Астана ЭКСПО-2017" аумағында орналасқан, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Қазақстан президенті "Alem" мектебінің оқыту бағдарламасымен танысты. Оқушылармен әңгімелесу барысында ол әлемде IT саласының өзектілігі мен сұранысқа ие екенін атап өтті.

Қазақстанның мақсаты – әлемдік үрдістен қалып қоймау. Ең бастысы, заман ағымымен жүріп отыруымыз керек, әйтпесе біз әлемдік даму үдерісінен сырт қаламыз. Біз жастарды осындай дағдыларға баулып, аталған салаға көптеп тартуымыз керек. Білім алуға ұмтылатын өте қабілетті жастарымыз жеткілікті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Оқушылар мемлекет басшысына лекцияларды, баға қою әдісін және басқа да дәстүрлі білім беру элементтерін мұғалімсіз бағдарламалауды қалай үйрену керектігін айтты.

Содан кейін мемлекет басшысы халықаралық "Astana hub" IT-стартаптар технопаркіне барды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа технопарк базасында жүзеге асырылып жатқан матчмейкингке арналған киберспорт платформасы мен автоматтандырылған "INUI Software" сауда алаңы, "Tastamat" мобильді постаматтары, "Clockster" деп аталатын қызметкерлердің жұмысқа келіп-кетуін тіркейтін биометриялық жүйе және басқа да стартап-жобалар таныстырылды.


"Astana IT University" ақпараттық технологиялар университетінде мемлекет басшысына жоғары оқу орнының негізгі бағыттары туралы мәлімет беріліп, оқу кабинеттері мен зертханалары көрсетілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев студенттерді сапалы білім алып, еліміздің игілігі үшін  жұмыс істеуге шақырды.


Университет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен ашылған. Білім беру тұрғысынан бұл университет беделді әрі білікті мамандар даярлайтын, беделді оқу орнына айналатынына ешқандай күмәнім жоқ. Неғұрлым жақсы білім алсаңыздар, мына қиын да алмағайып өмірден алар еншілеріңіз соғұрлым көп болады, – деді президент


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы