Тоқаев елорда маңындағы ауылды таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ақмола облысының әкіміне Қосшы ауылы халқын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл туралы ол Твиттердегі парақшасында жазды.
"Үкімет пен Ақмола облысының әкіміне Қосшы аулының тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін тез арада шешуді тапсырдым. Бұл - тұрғындардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін жүйелі инфрақұрылымдық проблема", - деп жазды ҚР Президенті Твиттерде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтанда жылыту маусымы қашан аяқталады?
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы