Тоқаев бюджет қалыптастыру әдісін қайта қарауды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақордадағы кеңесте Мемлекет басшысы Үкімет мүшелерінің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша есебін тыңдады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қазметінен хабарлады.

Қазақстан Президенті Қ.Токаев атап өткендей, қолданыстағы бюджет теңестірілмеген және қайта қарауды қажет етеді.

«Бірінші кезекте әлеуметтік құрам өсіп келеді. Екіншісі - бюджеттің «өндірістік емес шығындары». Қажеті жоқ шығындар тым көп. Біз бюджетке деген көзқарасымызды түбегейлі өзгертуіміз керек. Бұл жылы болмаса да келер жылы міндетті түрде», - деп баса айтты Қ.Тоқаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы