Тоқаев асыраушысы жоқ 12 балаға пәтер кілтін табыс етті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Алматы – 2050" даму стратегиясының жобасын таныстырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Аталған бағдарлама бойынша Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғындардың тұрмысын жақсарту, қауіпсіз қала қалыптастыру, шаһардың шеткері аймақтарының инфрақұрылымын дамыту және басқа да көптеген маңызды мәселелер атқарылады. Сондай-ақ Алматы агломерациясы аумағының даму барысы да қарастырылған. 


Қасым-Жомарт Тоқаев баспана кезегінде тұрған, асыраушысы жоқ 12 балаға пәтер кілтін табыс етті.

"Баршаңызға жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Баспана мәселесі әрдайым мемлекеттің назарында болады. Еңбектеріңіз табысты болсын", - деді мемлекет басшысы.

Жалпы Алматы қаласында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша баспанаға мұқтаж осындай 51 адамға тұрғын үй салынып жатыр. 




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы