Тоқаев банктерді халыққа қолдау көрсетуге шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайды ескере келе екінші деңгейдегі банктерді халыққа түсіністік танытуға шақырды. 

Бұған дейін ШОБ-қа қолдау көрсету бойынша шараларды жариялаған болатынмын. Олар салықтық артықшылықтар, займдар мен төлемдерді кейінге шегеру және т.б. Шағын және орта бизнестің ұсыныстарына тоқталатын болсам, олардың басым бөлігі қолдау тауып, мемлекеттік органдармен жүзеге асырылуда. Атап айтқанда мемлекеттік қолдау көрсету үшін басымдыққа ие міндеттер несие үстемақысының пайызын төмендету және сәйкестендіру, мемлекеттік кепілдендіру көлемін арттыру. Қаржылай реттеу агенттігі банктермен және өзгеде қаржы органдарымен ШОБ-тың несиесі бойынша төлемдерді шегеру және  қайта құрылымдау бойынша жұмыстарды жүзеге асыруда, - деді Тоқаев. 

Сонымен қатар мемлекет басшысы кәсіпкерлердің банктердің төлемдерді кешіктіргені үшін пайыздарды есептеуін тоқтату бойынша ұсынысына баса тоқталды. 

Атап өтетін болсам, пайыздар банктер үшін бос жіберіп алған пайда. Банктер де біздің экономикамыздың ажырамас бөлігі. Осы ретте, екінші деңгейдегі банктерді азаматтық жауапкершілік пен ынтымақтастық танытуға шақырамын. Банктер үшін қиын қыстау кезеңде мемлекет айтарлықтай көмек көрсетті. Бүгінде сіздерден халық пен отандық бизнеске қолдау керек, - деді Тоқаев. 

Бұдан басқа мемлекет басшысы қажет болған жағдайда аталған мәселе бойынша қосымша шаралар қабылдануы мүмкін екенін баса айтты. 
Жалпы жағдай одан ары нашарлай түсетін болса Үкімет пен қаржылай реттеушілер аталмыш мәселені шешу үшін нақты шешімдер қабылдайтын болады, - деді президент.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы