Тоқаев COVID-19-ға қатысты жоғары деңгейдегі форумға қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін "COVID-19 тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" атты жоғары деңгейдегі форумға қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылған бұл іс-шара бейне конференция форматында өтеді. Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Қазақстан төрағалық ететін Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобының атынан сөз сөйлейді.Сессия барысында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канаданың Премьер-министрі Джастин Трюдо, Германия Канцлері Ангела Меркель, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ және басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.
Форум тікелей эфир арқылы Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-де http://webtv.un.org/ сайтынан көрсетіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Альварестің келесі қарсыласы Айдос Ербосынұлы болуы мүмкін
Өзгелердің жаңалығы